Кентаудағы жылу орталығы жаңғыртылады

404
04.03.2023 11:51

Кентауда қыс ортасында жарылып, жұртты әбігерге салған жылу энерго орталығының жұмысын Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мен облыс прокуроры Марат Алиханов барып көрді. Мамандардың мәліметтері бойынша бүгінгі таңда мекеменің жабдықтары тозығы жетіп ескірген және жаңартып, жаңғыртуды қажет етеді. Сондықтан енді мемлекет тарапынан және инвестиция есебінен орталықты жаңарту көзделіп отыр.