Елімізде мәжіліс және мәслихат депуттарын сайлау жақындап келеді. Үгіт-насихат жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Оған Түркістандық ақсақалдар қауымы ат салысып, арнайы басқосу ұйымдастырған. Жиында қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов алдағы сайлаудың ерекшеліктерін айтып, саяси кезеңде ел ішіндегі бірлікті сақтаудың маңызына арнайы тоқталды.Одан бөлек рухани шахарды ішімдіксіз қалаға айналдыруға,зиянды заттардан таза ұстауға шақырды.
️