Дархан Сатыбалды Ресей федерациясының Алматыдағы бас консулымен кездесті

432
23.02.2023 14:15

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірге арнайы келген Ресей федерациясының Алматыдағы бас консулымен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту тақырыбында сөз қозғады. Әрі екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Кеңес соңында өңір басшысы бұл кездесу екі жақты мәдени, әлеуметтік, экономикалық салалардың дамуына септігін тигізеріне сенім білдірді.