"Шаңырақ" байқауы

159
25.06.2021 15:05

Осыдан үш ай бұрын әлеуметтік желі  қолданушылары арасында «Шаңырақ»  байқауы жарияланған болатын.  Оған қатысу үшін этносаралық қарым-қатынасты нығайту, қазақ тілінде өлең оқып, жолсапар очеркі немесе мақала жазып, репортаж жасау керек еді. Басты мақсат – Қазақстан халқының бірлігі мен ұлысаралық достығын дәріптеу. Сонымен, бірінші орынды Төлеби туы газетінің журналисі Төлеген Ахметов алды. Ал, екінші орын «Түркістан» газеті Бас редакторының орынбасары Ләззат Сарыбаеваға берілді. Жүлдегерлер қатарын белгілі блогер Несібелі Иманқұлова түйіндеді. Жеңімпаздарға бөлек ақшалай сыйақысы тағы бар. Атап айтқанда, 1 орынға – 150 мың, 2 орын үшін – 100 мың, үшінші орын иегері 80 мың теңге.