Қазақстан Президенті биылғы алғашқы шетелдік сапарын Тәжікстаннан бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге барды. Сапар аясында екі ел басшылары түрлі форматта кездесу өткізіп, екі жақты ынтымақтастықты арттыру, сауда-экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру деңгейін талқылауда. Себебі екі ел арасындағы коронавирус салдарынан былтыр тауар айналымы кеміген. Сондай-ақ, жиында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, қазақстан республикасының президенті
Бұл кездесуде талқылайтын мәселелер жеткілікті. Былтыр пандемияға қарамастан, өзара сауда-саттық көлемі 800 миллион долларға жетті. Бұл сауда-экономикалық саладағы әлеуетіміздің әлі де мол екенін көрсетеді. Әрине, біз де өз тарапымыздан бірқатар ұсыныс жасаймыз. Сондай-ақ сіздердің де ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз.
️