Түркістан облысында 460 мың тонна ерте көктемгі өнім жинау жоспарлануда

210
21.02.2023 11:04

Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 860 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың га артып, 318 мың гектарға жеткізілді. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында биыл ерте пісетін қырыққабат 7,5 мың гектарға, сәбіз 1,2 мың гектарға, пияз 1,9 мың гектарға, картоп 9 мың гектарға егіледі. Облыс басшысының төрағалығымен өткен жиында жауаптылар осылай деді. Биыл өңірде болжам бойынша сәуір-шілде айлары аралығында 459,3 мың тн. өнім жинау жоспарлануда.