Түркістан облысы Сайрам ауданында Меккеге барып, қажы атанамын деген 30-дан астам тұрғын сан соғып қалды. Оларға келтірілген шығын 11 миллион теңгеден асады. Аудандық полиция басқармасына арызданған ер адам 2022 жылдың қазан айында Меккеге кіші қажылыққа 10 күнге апарып әкелемін деген бейтаныс азаматқа сенген. Содан алаяқтың сөзіне иланып, оған ұшу билеті, қонақ үй мен тамақтану үшін жалпы 423 мың теңгесін берген. Бірақ соңында қажылыққа бара алмаған не ақшасын қайтарып ала алмапты. Бұдан кейін полицияға тағы бірнеше тұрғын шағым түсірген.
️