Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко өмірден озды

301
12.02.2023 12:42

Қазақстанның бірінші премьер-министрі болған Сергей Терещенко өмірден озды. Озық ойлы саясаткер өмірінің соңғы жылдарын кәсіпкерлікке арнап, ел экономикасына сүбелі үлес қосқан еді. Сергей Терещенконы жұрт кең жүректі «меценат» ретінде танитын. Ол ел үшін жаңа өндірістер ашты, фермалар мен су электр станцияларын салды. Украин ұлтының азаматы өзін өле-өлгенше қазақ деп атады.