Түркия мен Сирияда қаза тапқан адам саны 21 мыңға жуықтады

525
12.02.2023 12:40

Түркия мен Сирияда  жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 20 мыңнан асты. Қаза тапқандардың басым бөлігі, атап айтқанда 17674-і Түркия азаматтары. Ал, құтқарылып емделіп жатқандар саны -  72879 тұрғын.  Сондай-ақ, кеше үйінді астынан 121 адам құтқарылды. Бұл туралы Түркия президенті Режей Тайып Ердоғанның көмекшісі Фуат Октай хабарлады.  Оның сөзінше Османие, Килис және Шанлыурфа аймақтарында құтқару-іздестіру жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда 12 241 техника үздіксіз жұмыс істеуде. Жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Түркияның білім министрлігі мен университеттері арқылы 461 мың адамға уақытша тұруға орын қарастырылған.