Антикор халыққа қызмет көрсету орталығының басшысын қамауға алды

245
12.02.2023 12:33

Елімізде заңды белшесінен басқан Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар ұсталды. Қылмыстық топ алдау жолымен азаматтардан ақша алып, 500-ге жуық көлік құралын заңсыз тіркеген. Қазір топтың 9 мүшесі қамауға алынды. Оның ішінде Астана қаласындағы  Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы да бар. Жалпы, соңғы 3 жылда орталықтарда жүргізуші куәліктерін заңсыз берген және шетелдік автомобильдерді есепке қойған 18 қылмыстық іс тергеліпті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 60 мыңға жуық жүргізуші куәлігін заңсыз берген және шетелден әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік есепке қойылған.