Қазақстандық құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп, үйінді астынан аман қалған 3 адамды шығарып үлгерді. Құтқарушылардың сөзінше жұмыс ең қиын жағдайларда жүргізілген. Себебі үйінділер кез-келген сәтте қайта құлап кету мүмкін. Қазіргі таңда арнайы топ Түркиядағы қиын жағдайларға қарамастан жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста болып, өз міндеттерін нәтижелі атқаруда. Жалпы көмекке барған құтқарушылар жасағы аман қалған 4 адамды құтқарды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді. Президент құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
️