Хатай қаласында Мұстафа Өзтүріктің жақындары үйінді астында қалып қайтыс болды

662
12.02.2023 12:23

Бірнеше сағат бұрын Мұстафа Өзтүрік әулетіне қаралы хабар жетті. Апат болған Түркияның Хатай қаласы Дефне ауданы Армутлу ықшам ауданында тұратын Нұрай Қазақ пен Бүшра Қазақ үйінді астынан табылды. Анасы мен қызын үйіндіден Стамбулдан барған жақындары шығарыпты. Құтқару топтары бұған дейін бірнеше рет келіп арнаулы құрылғылармен дыбыс өлшеген. Ешқандай белгі болмағандықтан басқа шұғыл құтқару жұмыстарына кеткен. Нұрай Қазақ  57 жаста еді. Мұстафа Өзтүріктің туған ағасы Рустам Өзтүріктің қызы. Ұзақ уақыт бойы Иорданияда тұрған. Кейін Түркия Хатай Дефне ауданына көшіп біраз уақыттан бері сонда тұрып жатқан еді. Қызы Бүшра 31 жасында. Марқұмдардың денесі Стамбул қаласына жерленетін болды.