Түркияның Хатай қаласында екі отандасымыз іздестіріліп жатыр

96
12.02.2023 12:11

Түркияның Хатай қаласында үйінді астында қалған екі қазақстандық әлі іздестіріліп жатыр. Оларды табу үшін кеше Алматыдан зілзала аумағына бес азамат барған. Хабарсыз кеткен үш адамның бірі Сабина Мамадиярова алты метрлік тереңдіктегі үйінді астынан шығарылған еді. Алайда, өзге жерлестерімізді шығару мүмкін болмай тұр.