Түркістан облысында лауазымды қызметтен кетушілер және мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны артқан. Мәселен былтыр өз еркімен 211 адам жұмысынан босатылған. Бұған себеп жалақының аздығы дейді мамандар. Ал өткен жылы заң бұзушылықтарға жол берген 18 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңбұзушылық көп тіркелген сала зерделеніп алдағы уақытта профилактикалық жұмыстар жүргізіледі дейді мамандар. Монторинг кезінде мемлекеттік қызметкердің орташа жасы 40 жас еңбек өтілімі 10 жыл екені анықталған. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Мақсат жастарды мемлекеттік қызметке тарту.
️