Түркияда құтқару және шұғыл қызмет көрсететін арнайы ұйым бар

345
12.02.2023 11:51

Түркиядағы зілзала апатының 1-ші күнінен бастап 40 кісілік іздестіру-құтқару тобынан және 100 кісілік көмек тобынан құралған “Яссауи әрекеті” ұйымы үйінді астынан құтқару жұмыстарын атқарып, аймаққа қажет заттарды жеткізіп, таратуда. “Яссауи әрекеті” құтқару және еріктілер қоғамының оқиға орнындағы жұмыстары жөнінде хабар алмақ үшін ұйымның басқару комитетінің мүшесі, “Түркістанның құрметті азаматы” Фатма Сөнмез ханыммен байланыссақ. Фатма ханым, Түркия еліне біз де қайғыра көңіл айтамыз. «Ясауи әрекеті» ұйымы туралы айтып берсеңіз.