Елдің басым бөлігінде әлі аяз болса, Түркістан облысында диқандар қырыққабат егу жұмыстарын бастады. Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласы саналатын Жетісай ауданының шаруалары үшін еккен егін мен жиналған өнімнің бітік шығып, зая болмағаны аса маңызды. Өйткені, өнімнің мол болуы, нарықта жоғары бағада сатылуы – әлеуметтің әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді.
️