Адам саудасы азаймай тұр

147
24.06.2021 22:52

Облыста жыл басынан бері адам саудасының 7 фактісі тіркелген. Бұл қылмыс түрі қару және есірткі саудасынан кейінгі үшінші орында тұр дейді мамандар. Күн сайын адам құқықтары жөніндегі комиссия орталығына 30 дан аса жеке құқығы тапталған азаматтар хабарласады екен. Сондай-ақ, халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, жыл сайын елімізде жүрген 100-ден астам шет елдік азамат адам саудасының құрбаны болады екен. Саудаға түскен Қазақстан азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін заң бар. Енді өңірге жұмыс істеуге келген мигранттар құқығы тапталса, олардың да құқын қорғау ұсынысы қарастырылуда. Себебі олар өз еңбек құқықтарын білмеуінен және құжаттық сауаттылығының төмендігінен жалақысыз жұмысқа жегіледі екен.Одан өзге, мамандар адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң қабылдауға да ұсыныс білдіріп отыр. Себебі, елімізде адам саудасына қатысты заң тек қылмыстық кодекспен ғана шектелген. Адам құқықығын қорғау мақсатында полиция қызметкерлдері, көші-қон ұйымдары, арнайы комиссиялары үздіксіз шекара мен  ауыл-аймақтағы шаруашылықтарды және күдікті деген барлық орындарды бақылауда ұстап отыр.