Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар қалай жұмыс істеп жатыр

199
12.02.2023 11:36

Қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісі болған жерде жедел іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрінің айтуынша, оқиға орнындағы жағдай күрделі. Қазір Газиантеп қаласындағы еліміздің құтқарушылар бригадасы екіге бөлінген. Олар үйінділер арасынан адамдарды аршып алу үшін қажетті шараларды қабылдауда, бұл ретте әкелінген құтқару жабдықтары да қолданылады.