Тоқаев Түркияға көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

178
12.02.2023 11:31

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Онда «Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын» – делінген. Айта кетсем, мемлекет басшысы бұған дейін Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырған еді.