Биыл Түркістан облысында 120 қоғамдық көлік жаңартылады

761
12.02.2023 11:27

Өткен жылы Түркістан облысында 2094,9 шақырымды құрайтын  жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелері жөнделген. Биыл 1237,2 шақырым жол толық жөндеуден өтпек. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Оның сөзінше былтыр облыс көлемінде 120 қоғамдық көлік жаңартылған. Ал 2023 жылы Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан  жаңа 5 шетелдік бағыттағы әуе рейстерін ашу жоспарлануда.