Елімізде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Дәлірек айтсақ, Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 568 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Ал, республика бойынша 1496 адам дерт жұқтырыпты. Естеріңізде болса, күні кеше 1248 науқас тіркелген болатын. Яғни, ауырғандар күн санап артып барады. Мемлекет басшысы бұған вакцинация қарқынының бәсеңсіп қалғаны себеп болғанын алға тартты.
️