Кітап тұсаукесер

272
24.06.2021 22:40

Жапонның әлемге әйгілі «Кайдзен» жүйесін енді қазақ тілінде оқып, үйренге болады. Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Хайрулла Қожабаевтың «Таным мен тәлім» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Онда автор «Кайдзен» жүйесін терең зерделеп, оны қазақ халқының таным-түсінігімен ұштастырып жазған.  Еңбек тиімділігі мен іскерлік қасиетті арттыратын жүйені Хайрулла Байділдәұлы әуелі өзі басқаратын зауытта қолданып, аталған кітап арқылы оқырманға табыс пен жетістіктің сырын бөліседі. Автор бұл еңбекті зерттеп жазып шығуға 5 жыл уақыт жұмсапты.