Түркістандықтар электр жарығына 29,5 млн теңге артық төлеуге мәжбүр болған

368
31.01.2023 18:16

Түркістан қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары электр энергиясына артық ақша төлеген. Мұны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары анықтапты. Ведомстводағыларға Түркістан қаласының 9 және 11 көшелерінде орналасқан көппәтерлі үй тұрғындарынан жылу энергиясын төлеу үшін шот-фактураға қатысты өтініш келіп түскен. Нәтижесінде департамент өкілдері "Жылу" Мемлекеттік коммуналдық кәсіп орын есептегіш құралдарымен емес, текше метр арқылы есептеу жүргізгенін анықтаған. Енді артық төлем тұтынушыларға қайтарылатын болады.