Түркістан
EN

Түркістан облысында 90 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

434
31.01.2023 23:07

Өткен жылы Түркістан облысындағы 90 білім ошағының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Өйткені, білім беру ұйымдарына мұғалімдерді қабылдау кезінде конкурс ережелері бұзылған. Іріктеуге қатысушы 366 педагогтың 322-сі конкурстан заңға томпақ келетін әрекет арқылы өтіпті. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының 85 пайызы атестаттаудан сүрінген. 

️