Меморандумға қол қойды

117
24.06.2021 22:36

Түркістанға республикалық «Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы» орталығының мамандары келді. Кездесу барысында облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы мен елордалық «Universal medical Center» корпоративтік қоры екіжақты  меморандумға қол қойды. Бұл алдағы уақытта медицина саласының дамуына зор үлес қоспақ. Келісім аясында орталық дәрігерлерінің өзара қарым-қатынаста жұмыс істеуіне бар жағдай жасалады. Жалпы, Түркістан облысында жылына 65 мыңға дейін сәби дүниеге келеді. Биыл алғашқы алты айдың өзінде олардың саны 25 мыңнан асқан. Осылайша Түркістан облысы табиғи өсім бойынша республикада көш бастап тұр.