Бәйдібекте "Таушыңы" жазғы сауықтыру лагері ашылды. Мұнда 60 бала демалады. Олар тынығып қана қоймай, тарихи өлкенің қасиетті орындарын да тамашалайды. Ауданның әр жерінен келетін демалушылар негізінен үздік оқушылар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан. Аудан әкімі жазғы демалыстың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
️