Қоғамдық кеңестің отырысында түйіткілді мәселелер айтылды

397
27.01.2023 15:56

Медициналық сақтандыру жүйесінің игілігін халық көре алмай отыр. Сақтандыру арқылы азаматтар дер кезінде көмек ала-алмайды. Кезек күтсең ауруың асқынып жүйкең тозып, ақырында ақылы клиникаға барасың. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Еркінбай Шалтан айтты. Бұдан бөлек жиында халықты алаңдатқан мәселелерді әлеуметтік желі арқылы жинап  мұң мұқтажын ортаға салды.