Өңірде алимент төлемейтін әкелердің саны артқан

236
27.01.2023 11:24

Түркістан облысында өткен жылы 378 алимент төлемей жүрген азаматтар анықталды. Сот алимент өндіру туралы шешім шығарғанмен, оны орындайтындар аз болып тұр. Бұл туралы Әділет департаментінің мамандары мәлімдеді. Сондай-ақ алқа отырысында 2023 жылға қойылған міндеттер айтылды. Жиында жеке және заңды тұлғалардан түскен сұрау салулар мен арыз-шағымдар  заң аясында қаралып, уақытылы әрі сапалы  жауаптар беру мәселесі сөз болды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, проблемалық алимент мәселесі, мемлекеттік қызметтерді электрондық тәртіппен тіркеуді  жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.  Алимент төлеушілердің жұмыспен қамтылуы үшін былтыр 203 азамат ұсынылған.