Тілшілерге жауап бермейтін мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылады

233
26.01.2023 10:14

Енді журналистерге 5 және 3 күн аралығында жауап бермеген мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылады.  Бұл журналистің ақпаратқа жылдам қол жеткізуі үшін жасалынбақ.  Бұл туралы өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары форумында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты. Сондай-ақ жаңа заң жобасында журналистердің «Отбасы банктен» жеңілдікпен пәтер алу мәселесі мен  ауруханадан жеңілдіктер алу секілді ұсыныстар бар. Қарапайым бір мысал, көлігінде «пресса» деген жазуы бар журналистер автокөлігін кез келген жерге қою немесе кез келген мекемеге ену секілді басқа да ыңғайлы жағдайлар жасауды қарастырылып отыр. Бірақ мұның бәрі көптеген ведомстволармен бірге қарастырылады деді министр.