Түркістан қаласында 13 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісі анықталды. Жедел басқару орталығының қызметкерлері айыппұл төлеушіні бейне бақылау камералары арқылы анықтап ақпаратты, потрульдік полиция қызметкерлеріне ұсынған. Нәтижесінде 2 сағат ішінде берешегі бар көлік жүргізушісін тауып, көлік айып тұраққа қойылды. Ал жедел басқару орталығына бұл өтінішті Сарағаш ауданының жеке сот орындаушысы айтқан. Мамандар биыл әкімшілік айыппұлдар мен қарыздарды төлеуден жалтарған 20-ға жуық көлік тізгіндеушілерді анықтаған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
️