Түркістан облысы су тасқынына қарсы қандай жұмыстар атқарылған?

265
24.01.2023 15:48

Түркістан облысы – су басу қаупі жоғары өңірлердің қатарына кіреді. Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жол картасы аясында өңірде су тасқынына қарсы 20 іс-шара жоспарланғанын айтты. Алайда, алдыңғы жылдары қаржы қарастырылмай, биыл іс-шараға керек 2 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінбек. Нәтижесінде 32 шақырымға созылатын арнаны түзеу, 15 шақырымға созылатын жағаны бекіту жұмыстары жоспарланып отыр. Сырдария бойындағы елдімекендердегі су басу қаупінің алдын алу үшін 97 шақырымға созылған қорғаныс дамбасының жағдайын тексеріп, 154 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған.