Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден озды

621
24.01.2023 15:37

Бүгін қазақ өнері қара жамылды. Композитор, продюсер  әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов 48 жасында өмірден өтті.  «Хабар» және «Ел арна «телеарналарында «Айбын», «Достархана», «Тапқыр достар», «Дудар-ай» және «Хабар-старс» бағдарламаларын тізгіндеді. Арман Дүйсенов көпшіліктің сүйспеншілігіне айналған бірнеше кинотуындыға музыка жазған. әсіресе Алтынай Жорабаева орындайтын "Ағажан" әні мен өзі Динара Қырықбаевамен бірге шырқайтын "Ұстазым" әні көпке танымал. Мектеп оқушылары "Ұстазым" әнін әлі де орындап жүр. Сонымен қатар композитордың "Фотограф", "Сен", "Мәңгілікке", "Бақыт таңы", "Үміт арман", "Сен ғана". "Шаттығым сенсің" әндері де белгілі.Марқұм өмірінің соңғы жылдарында «Қазақ әуендер» АҚ "Гүлдер" филиалының директоры қызметін атқарған. Өнер қайраткерінің өзі де бірнеше мәрте республикалық ән байқауларында жеңімпаз атанып, 50-ге жуық елде гастрольдік сапармен болған.Біртуар азаматтың өмірден өтуіне байланысты жақындарына, халқына қайғыра отырып көңіл айтады.