Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражатына жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу керек. Мәжілісмен Айқын Қоңыров Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. Оның сөзінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға жұмсау шарасында негізінен 2 ірі қаладағы құрылыс компаниялары мен банктер пайда көрген. Ал халықтың баспанаға қолжетімділігі сол күйі артқан жоқ. Жалпы баспана бағасы өткен жылмен салыстырғанда бірден 20 пайызға өскен. Алыпсатарлықтан бөлек, шаршы метрдің құнына құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы да әсер етуде.
️