23 жастағы бойжеткен құрақ көрпе тігіп, кәсібін дөңгелетіп отыр

391
23.01.2023 16:35

Түркістанда 23 жастағы келіншек құрақ көрпе тігу арқылы өз бизнесін дөңгелетіп отыр. Қайтарымсыз грант алған кәсіпкер көрпе тігіп, табысқа кенелуде. Түркістанда  мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, өз кәсібін ашқандардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі Сымбат Альжанова. 23 жастағы қолөнер шебері 3 баланың анасы. Айтуынша, бала күнінен қолөнерге қызығып, тігін тігуді меңгерген. Ісмер ана, өткен жылы мемлекеттен берілген өтеусіз қаржыға қол жеткізіп, бірнеше тігін машиналарын қажетті құрал жабдықтарын сатып алған. Қазір құрақ көрпе мен қыз жасауына тапсырыс қабылдап, шағын ісін жүргізіп келеді. Сымбаттың алға қойған мақсаты айқын. Бүгінде қыз жасауын, арнаулы жұмыс киімін, балаларға арналған түрлі жаңа жылдық киімдер тігеді. Алдағы уақытта курс ашып қолөнер үйренемін деушілерді еңбекке баулымақ.