Түркістан
EN

Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Түркістанда

385
23.01.2023 21:31

Мемлекеттік қызметкерлер өте әдепті болуы керек. Бір ғана қызметкердің әбес қылығы барлық мемлекеттік қызметкерлердің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Қазақстан республикасы қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Тұяқов бүгін Түркістанда мемлекеттік қызметкерлермен өткізген кездесуінде осылай деді. Астанадан келген уәкіл өзінің еңбек жолын мысалға келтіре отырып, қызметкерлердің өз жұмысын адалдықпен, ынтамен істеу қажеттігін айтты. Мұндай кездесулер енді Түркістан облысының аудандарында жүргізіліп әрі қарай Шымкент қаласында жалғасын таппақ. 

️