Түркістан облысында былтыр 3744 жол белгісі тексерілген

298
23.01.2023 16:23

Түркістан облысында былтыр 3744 жол белгісі тексерілген. Соның  2355- і талапқа сай болмай шыққан. Олардың жарық қайтарғыш коэффициенті нормаға сәйкес келмеді,- дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары. Бұл тек республикалық маңызы бар автожолдарға қатысты көрсеткіш. Айта кетейік Батыс- Еуропа- Батыс Қытай автодәлізінің Түркістан өңірі тұсын күтіп баптаумен үш мекеме айналысады. Анықталған ақаулар бойынша тиісті мекемелерге нұсқама берілді. Жалпы айтқанда «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Түркістан филиалы былтыр 430  шақырым жол бойындағы барлық жол белгісін тексеріп шыққан.