Масс-медиа туралы заң жобасы

286
23.01.2023 16:21

Түркістанда «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға енгізілетін өзгерістер талқыға түсті.  Жиынға журналист, сенат депутаты  Айгүл қАППАРОВА, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің арнайы өкілі, баспасөз саласының қызметкерлері қатысты. Заман талабына сай ақпарат таратудың да бағыты өзгерген. Бүгінде онлайн форматта ақпарат тарату көп. «Масс-медиа туралы» заң жобасында интернет ресурстарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Жиында ақпарат саласының өкілдері  заңға қатысты ойларын ашық білдірді. Журналистердің ақпарат таратуына байланысты   кедергі келтіру мәселесі, журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ашықтық, ауылдарға жас журналистерді тарту мәселесі жан жақты қарастырылды. Сондай ақ журналистерді баспанамен қамту туралы ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданады.