Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте. Түркияда 7 тілді жетік меңгерген қазақ қызы жоғарғы оқу орнында білім алады. Ақтоты Асанова ағылшын, түрік, қытай, испан, француз, орыс, қазақ тілдерін жетік біледі. Енді 8-ші тіл – араб тілін үйреніп жүр. Жас полиглот 15 жасынан бастап тіл орталығында ағылшын тілінен сабақ беріп, тіл меңгеру әдістемесін қоса шыңдаған.
️