Елімізде жалған ақша таратпақ болған қылмыстық топтың жолы кесілді. Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департамент қызметкерлері Түркия елінің астанасынан Қазақстанға 30 000 ақш долларын кіргізбек болғандарды құрықтаған. Бүгінде қылмыс жасаған 3 азамат уақытша ұстау изолятрына қамалған. Осы орайда қаржы мониторингі агенттігі жалған ақша белгілерінің көбейіп кеткеніне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Қаражаттарыңызды тек қана арнайы айырбастау пункттерінде немесе екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде айырбастаңыз. Жалған купюра анықтау фактісі болған жағдайда агенттіке немесе полиция департаментіне хабарлау керек дейді мамандар. Еске салайық, жалған купюраны пайдалану, төлеуге тырысу қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.
️