Қыстың осы бір кезеңінде балықтарға қауіп бар. Өйткені мұз қалыңдағанда су астында ауа жетпейді. Осыған байланысты Шардара ауданында жауапты сала мамандары мен табиғат жанашырлары қатқан мұзды ойып, қамыс салу жұмыстарын жүргізуде. Бұл – су астындағы балықты құтқарудың бірден-бір жолы. Яғни оның айналасында ешқандай мұз қатпайды және осы қамыстар арқылы су астына оттегі барады. Қазір дәл осындай жұмыстар облыстағы су айдындарының барлығында да жүргізіліп жатыр.
️