109 хабары көрерменге жол тартты

333
19.01.2023 15:54

Түркістан телеарнасынан 109 хабары көрерменге жол тартты. Жаңа бағдарлама өңірдегі түйткілді мәселелер мен тұрғындар тарапынан түскен өтініштің орындалу барысын көрсететін болады. Айта кетейік облыста 3 бірдей 109 байланыс орталығы жұмыс жасайды. Түркістан, Кентау қалалары бойынша қоңыраулар тек сол қаланың тұрғындарына қол жетімді болады. Мұнда азаматтар әлеуметтік, коммуналдық-тұрмыстық мәселелер, білім беру, дін мәселесі, әкімдік қызметтер бойынша да сұрақтарын қойып, ақпарат алып, арыз-шағымдарын айта алады. Енді тұрғындар бұл орталықтың жұмысын тұрақты түрде көгілдір экраннан бақылайтын болады.