Халықаралық қазақ-түрік университетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды

435
19.01.2023 15:42

«Жаңа Қазақстандағы заманауи ботаника ғылымының басым бағыттары – идеялардан нақты істерге» Осындай атаумен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға еліміздің түкпір түкпірінен академик, ғылым докторлары биологтар мен экологтар, студенттер қатысты. Жиында Қазақстандағы заманауи ботаника ғылымының мақсат-міндеттері жан-жақты қарастырылды. Ауыл шаруашылығы, медицина, орман шаруашылығы, экология және табиғи ресурстарды нарықта пайдалану мен басқару мәселелері талқыланды. Жиын 2 күнге созылады. Қабылданатын тұжырымдар мен ұсыныстар ғылым және жоғары білім министірлігіне, тиісті мемлекетттік органдарға жіберіледі.