Алдағы уақытта электр жылу, ауыз су тарифі қымбаттайды. Өйткені, соңғы кездері электр сымдары мен ауыз су құбырларының тозығы жеткен. Тұтынушыдан алынған қаржы соларды қайта жаңартуға жұмсалады. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Қанат Оралов айтты. Осылайша алдағы 6-8 жылда жабдықтардың тозуы 15%-ға дейін төмендейді-деді ол. Әзірге нақты қанша теңгеге көтерілетіні белгісіз. Анығы тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды бекіту алдында уәкілетті орган жария тыңдаулар өткізеді. Онда бағдарлама жобасы тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер алдында субъектімен қорғалады.
️