Түркістан облысында алаяқтар саны азаймай тұр

251
19.01.2023 15:30

Түркістан облысында алаяқтар саны азаймай тұр. Өткен жылы осындай халықты қан қақсатқан қаржылық пирамидаға қатысы бар 20-дан астам адам сотталыпты. Алайда бұл оларға тосқауыл болмай отырған көрінеді. Өйткені алаяқтар заманауи трендке бейімделіп, технологиялардың ең жаңа түрлерін қолданады. Тағы да сол қаржылық қитұрқылықтан сан соғып қалған тұрғындармен тілшіміз Бақдәулет Анарбай тілдесіп көрді.