Кентау тұрғынынан қару-жарақ пен жарылғыш заттар табылды. Күдікті көлік жөндеу орталығының жұмысшысы екені анықталып отыр. Ер адамнан "Лидер ТТ" маркалы травматикалық тапанша мен оқ дәрілер табылған. Одан бөлік тінту кезінде жедел уәкілдер 12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 аңшы мылтығын, травматикалық тапанша, 1 граната, 35 дана оқ-дәрілер мен 1 дана жарылыс қорапша тәркілепті. Қазіргі осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Кентаулық тұрғынның осыншама қару-жарақты не мақсатпен сақтап жүргені әзірге белгісіз. Күдікті қамауға алынған.
️