Түркістанда мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілердің өтінімін конкурсқа қатысудан негізсіз шеттетілуіне жол берген қызметкерлердің ісі әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды. Кеңесте Арыс қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс талқыланды. Нәтижесінде азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұрмағаны үшін Арыс қаласының Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Асановқа, Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қазыбек Ақылбай және осы бөлімнің тұрғын үй секторының меңгерушісі Серік Орынбасаровқа «ҚАТАҢ СӨГІС» түріндегі тәртіптік жаза берілді.
️