Жылыту маусымына толықтай дайынбыз деген басшылардың сөзі жалған болып шықты. Кешегі суыққа шыдас берген жоқ. Енді жылу маусымында қателікке жол берген энергетика басқармасының басшысына, Кентау қаласының әкіміне, осы салаға жауапты облыс әкімінің орынбасарана қатысты қызметтік тексеру жүреді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларды бүгін сынға алды.
️