Үш айға пияз экспорттауға шектеу қойылды

597
18.01.2023 16:13

Қазақстаннан пияз экспорттау үш айға тоқтатылды. Мұндай шешімді сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Үшінші елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі - Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз бағасының өсуіне әкеліпті. Ал Түркістан өңірінде жағдай қалай? Алтынбек Әмит жалғастырады.