Түркістан облысының табиғаты көптің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Бір ғана Төле би тауларының өзі жылына 50 000-ға жуық туристтің назарын аударған. Одан бөлек Түлкібас, Қазығұрт таулары тағы бар. Ал, Бәйдібек ауданының аумағында жатқан қарт қаратаудың тарихи орындары әлем ғалымдарының ең сүйікті орыны. Бірақ, келушілерге қолайлы жағдай жасау баяулап тұр. Қолда бар алтынның қадірін қашан білеміз? Түркістандық туризмнің дәл қазіргі ахуалы қандай? Алтынбек Әмит баяндайды.
️