Түркістан облысында 90 көпқабатты үй салынып жатыр. Оның ішінде 12-сі халықтың әлеуметтік осал тобы мен көпбалалы отбасыларға жалға, ал қалған 78-і несиеге беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Облыс бойынша бүгінде 42 883 азамат үй кезегіне тұр. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдаймен салыстырғанда, 10,4%-ға көп. Оның ішінде Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға 13 мыңнан астам адам үмітті.
БАҚТЫБЕК УБАЙДИН – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ - «7-20-25» бағдарламасы туралы
Көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар енді «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша үй ала алады. Небары 2%-бен берілетін жеңілдетілген ипотеканы алу үшін 26 мамырға дейін «Отбасы» банкіне өтініш беру қажет.
ӘБУТӘЛІП АСАНОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
Жыл басынан бері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша «Отбасы банкінің» қарауына 1269 отбасы өтініш білдірген, оның 453-і көпбалалы, 376-сы толық емес және 94-і мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар.
ӘМІР НҰРМҰҚАНОВ – «Отбасы банк» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бақытты отбасы» бағдарламасы туралы
Сонымен қатар, облыста «5-10-25» бағдарламасы бойынша пәтер алушылар саны артуда. Өткен жылы бұл бағдарлама аясында қалада әрқайсысы 336 пәтерден тұратын 7 үй сатылған. Ал биыл 66 пәтерге конкурс жарияланып отыр. Нәтижесі маусым айында белгілі болмақ.
Назым Иноятова
️